Halyq Uni логотип
×

Шымкентке ауыр науқастарды емдейтін түркиялық дәрігер келді

Эпилепсияны емдеуге болады, - деді түрік мамандары

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2023 | 08:27
Шымкентке ауыр науқастарды емдейтін түркиялық дәрігер келді
фото: ашық дереккөз

Шымкентке Түркияның белгілі дәрігері, Ыстамбул қаласындағы «Джепарахшара» университетінің кафедра меңгерушісі Оскара Джидем бастаған бір топ маман келді. Олар осында бірнеше күннен бері ауыр науқастарды қабылдап, кеңестерін айтады.

Дәрігерлер науқастарды қабылдауды да бастап кетті. Тәжірибелі мамандар өңір тұрғындары арасында қабылдау өткізді. Шетелдік медицина мамандары эпилепсияға шалдыққан науқастарға кеңес беріп, ауруды емдеу әдістері бойынша жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасты.

Мысалы, олар эпилепсияға шалдыққан 21 жастағы Еламанға кеңес берді. Шетелден келген маманның айтуынша, өкінішке қарай науқастың дертінен толық айығуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен Еламанның анасы Мадина Егізбаева үмітін үзбейді. Көз жасына ерік берген ана баласының аяқтан тік тұратынына сенімді.

Еламанның анасының айтуынша, оның баласы эпилепсияға тумасынан шалдыққан. Баласы екі айынан бастап ауырады. Бірінші кезде ұстамасы болды. Кейінгі алты айынан бастап емделді. Таблетка ішіп жазылғанмен, 3-4 сыныпта қайта басталған.

Дәрігергердің пікірінше, эпилепсияны емдеуге болады. Бірақ ол үшін дер кезінде диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізу қажет. Мұндай дертке шалдыққан науқастардың өмір сүруін жақсарту үшін медицина мамандары бүгінге дейін дәрілік заттармен емдеп келсе, енді операциялық жолмен сауықтыруға мүмкіндік жасалады. Эпилепсияны хирургиялық жолмен сауықтыру саласын дамыту қажет.

Ыстамбул қаласынан келген дәрігерлер Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарын қабылдады. Эпилепсия мектебі аясында өткен шара екі күнге жалғасты. Түркиялық профессорлар жергілікті дәрігерлердің қатысуымен клиникалық жағдайларға талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама