×

Ақтөбеде көңілдесіне 35 рет пышақ сұққан жігіт сотта шынын айтты

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған

 Халық үні 25.05.2023 | 22:47
фото: ашық дереккөзден

Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған ер адам - 29 жаста, ал жүк салғыштан денесі табылған әйелдің жасы - 46-да. Негізінен, екеуі көңілдес болыпты. Бұл туралы айыпталушы жігіттің өзі сотта айтты. 

Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдікті сот алдында жауап бере бастады. 29 жастағы жігіт қанды қылмысқа «отбасымды жоғалтып аламын ба» деген үрейден барғанын айтады, деп хабарлайды КТК.

«Көлікте, алдыңғы жағында тұрғанда пышақтадым. Артқа қарап тұр еді. Оң жағынан тықтым. Содан кейін көз жұмып тыға бердім. Қай жеріне пышақ тыққанымды білмеймін», - дейді күдікті.

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Сотталушы Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін 46 жастағы әйелмен «бойдақпын, бұрын ажырасқанмын» деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып жүріпті. Соңғы кездесуінде марқұм күдіктінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған.

Айта кетсек, 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 жерінен жарақаттаған. Онымен қоймай, мәйітін жүк салғышқа бүктеп салып, екі күн бойы жүріпті. Сот барысында сотталушы адам өлтіргенін мойындап отыр. Қылмыс жасағанын тәртіп сақшыларынан жасырып, тығылып жүргенін де айтып берді.

«Артынан ешкім көріп қоймасын деген оймен жүк салғышына қол-аяғын бүктеп салып, оқиға орнынан бой тасалаған және 2023 жылдың 25 ақпанына дейін, полиция қызметі әрекетін әшкерелегенге дейін мүрдені автокөліктің жүк салғышында сақтаған», дейді мемлекеттік айыптаушы Елдар Әбиев. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама