×

«53 жастағы мұғалім оқушы қызға азғындық әрекет жасаған» - министрлік мәлімдеме жасады

Дене шынықтыру мұғалімі оны кабинетіне кіргізіп алып, бетінен сүйген, кеудесінен ұстаған

 Халық үні 25.05.2023 | 20:47
© Sputnik / Табылды Кадырбеков /

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Дене шынықтыру мұғалімі оқушы қызға тиіскені үшін айыпталып отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 

Бұған дейін «Не молчи» қоғамдық қорының парақшасында ауыл мектебінде болған оқиғаның мән-жайы жарияланды. 14 жастағы оқушы қыз құрбыларымен бірге волейбол ойнаған. Сол кезде 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі оны кабинетіне кіргізіп алып, бетінен сүйген, кеудесінен ұстаған. Ал құрбылары іздеп келгеннен кейін жібере салған.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл оқиға ерекше бақылауға алынды.

«Біз ол жағдай туралы білеміз. Мен оны ерекше бақылауда ұстап отырмын. Қазіргі кезде мұғалім жұмыстан шеттетілді», - деді Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова не себепті жұмыстан шығармағанын түсіндірді.

«Осы факт анықталған бойда педагог жұмыстан шеттетілді. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр. Ал мұғалімді жұмыстан шығару мәселесі соттың үкімімен шешіледі. Сондықтан біз соттың шешімін күтеміз», - деп атап көрсетті Оспанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04