Halyq Uni логотип
×

Кәсіпорындарда жыл сайын шамамен 200 адам көз жұмады

Өндіріс орындарында жұмысшылардың жарақаттану көрсеткіші жоғары

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 17:52
Кәсіпорындарда жыл сайын шамамен 200 адам көз жұмады
Фото: gov.kz

Жыл сайын Қазақстандағы кәсіпорындарда 2 мың адам жарақат алып, салдарынан шамамен 200 адам көз жұмады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын 2 мың адам жарақат алады. Оның ішінде шамамен 200 адам көз жұмады. Мысалы, «ВостокЦветМет» ЖШС-інде өнеркәсіптік жарақаттану 3 есе өсті (3 адамнан 18 адамға дейін). Былтыр «Казцинк» компаниясында жарақат алу деңгейі 2 есе артты (15 адамнан 35 адамға дейін). Өткен жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ында өлімге әкеліп соққан жарақаттану деңгейі 44% өсті, - деді Алтай Көлгінов Астанада өтіп жатқан KIOSH 2023 халықаралық конференциясында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама