Шымкентте мектеп допты 232 мың теңгеге сатып алмақ болған
Мемлекет қаржысының орынсыз жұмсалуына жол берілмеді
Шымкентте мектеп баскетбол добын 232 мың теңгеге сатып алмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Білім басқармасы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңгеге 20 доп алуды бекіткен. Әр тауардың 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып, есептелгені анықталды. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған, - деп жазды Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында.
Антикордың тексерісі нәтижесінде 2,2 млн теңге үнемделді.