×

Министр балаларды шығармашылық конкурстарға қатысуға шақырды

Жазғы демалыста оқушылар үшін түрлі іс-шаралар өтеді

 Дәурен Ерболат 25.05.2023 | 16:55
Фото: gov.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов балаларды биыл жазда өтетін шығармашылық байқауларға қатысуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл жазда балалар үшін еліміздің кітапханалары мен музейлерінде экскурсиялар, дәрістер және танымдық іс-шаралар болады: белгілі қазақстандық суретшілердің, мүсіншілердің, өлкетанушылардың, археологтардың қатысуымен пленэрлер, BookCrossing акциясы, ал барлық ауылдық округте «Жылжымалы кітапханалар» ұйымдастырылады.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жазғы кино» бірегей жобасын бастайды. Оның аясында классикалық және анимациялық фильмдермен қатар, «Қазақфильм» киностудиясы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген жаңа кинокартиналар тегін көрсетіледі, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ түрлі шығармашылық конкустар өтеді.

«Жазғы демалыс кезінде Temps lié (Темплие) кәсіби хореографиялық білім берудің халықаралық фестивалі, «Шабыт», Astana-Merey халықаралық конкурстары, «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық қолөнер байқауы, «Алтын қазына» және «Арт-колонок» балалар шығармашылығы республикалық конкурстары болады.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық мектеп лагері мен балабақшада «Қазақстан – менің әлемімде» асфальтта сурет салу конкурсы, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында түрлі конкурс және «Менің туым – менің мақтанышым» шаралары жоспарланған, - деді Асхат Оралов.

Балаларға арналған барлық іс-шара мен жобаға қатысу тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама