×

Байденге тағы бір қарсылас шықты

Ол АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2023 | 16:41
фото: ашық дереккөз

АҚШ Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис 2024 жылы Америка Құрама Штаттарының президенттігіне Республикалық партиядан үміткер ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

Ол АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды.

ДеСантистің жасы 44-те. Ол Флорида штатының губернаторы қызметін 2019 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін, яғни 2013-2018 жылдар аралығында осы штаттан АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі болған. Ол республикашыл кандидаттардың арасында бұрынғы президент Дональд Трамптың қарсыласы болып саналады.

ДеСантис – республикашылдар арасында өте танымал. Ол Йель және Гарвард университеттерін бітірген. Заңгер мамандығын алған. 2004-2019 жылдары АҚШ Әскери-теңіз күштерінде қызмет етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама