Зерттеу бөлмесінде тексерушілер оның денесінен ештеңе таба алмаған
Ақтауда қоғамдық қорғаушы тергеу изоляторына телефон мен SIM-картаны жыныс мүшесіне жасырып кірмек болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ол тергеу изоляторында жатқан күйеуімен кездеспек болған. Бірақ рентген құрылғымен тексеру кезінде оның денесінде бөгде заттың бары анықталды. Кейін әйелді зерттеу бөлмесіне жіберген. Бірақ онда тексерушілер әйелдің денесінен ештеңе таба алмаған.
Артынша бейнебақылау камерасын тексерген кезде қоғамдық қорғаушының өрескел әрекеті байқалған. Яғни, оның тексерушілер кіргенше телефон мен SIM-картаны интимдік жеріне тыққаны анықталып отыр.
Қоғамдық қорғаушыға қатысты әкімшілік кодекстің 481-бабы бойынша («Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру») хаттама толтырылды. Іс материалдары Ақтау қаласының әкімшілік мамандандырылған сотына жіберілді.