×

Василий Жировтың аты АҚШ-тың Даңқ залына жазылды

Ол әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 10 айқаста ғана жеңілген

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2023 | 16:05
фото: ашық дереккөз

Василий Жировтың аты АҚШ-тың Жекпе-жек өнерінің даңқ залына жазылды.

Ол әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 10 айқаста ғана жеңілген. Қазір оның жасы 49-да.

Жиров 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген. Осы жарыста ол Вэл Баркер кубогын алды. 1993, 1995 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы болған. 

Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан. IBF (1999-2003) чемпионы атанды. WBС ұйымының екінші дәрежелі титулын иеленеді (1998). WBС тұжырымы бойынша Америка чемпионы (1999), WBO тұжырымы бойынша Солтүстік Америка бокс ұйымының чемпионы (2003) болды.

Кәсіпқой бокста 38 айқаста жеңіске жеткен. Оның 32 жекпе-жегін нокаутпен жеңді. Үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама