Түркістан облысында бойжеткен ер адамның 1,2 млн теңгесін ұрлаған
Ұрлық қонақ үйде болған
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бойжеткен ер адамның қомақты ақшасын ұрлап кеткен.
Оның айтуынша, белгісіз адам пәтердің кіреберіс есігін бұзып кіріп, қонақ үйдегі 1,2 млн теңгені жымқырып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызданды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Жетісай қаласында тұратын жас қыз болып шықты.
Полиция департаментінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктіден заттай дәлел ретінде ұрлаған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.