Абай облысындағы өрт: төтенше жағдай жарияланады

Дәурен Ерболат

Оны сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп жатыр

фото: ашық дереккөз

Бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады. Бұл туралы Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, ормандағы өрт сөндіріліп жатыр.

Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман алқабындағы өртті сөндіруге желдің екпіні, су-батпақты жерлер кедергі келтіріп, ауыр техниканың қозғалуын қиындатты. Өрт шалған аумақтың ауданы 3,5 мың гектар болды. Ормандағы өртті сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және 852 адам жұмылдырылды. Бүгін Бородулиха ауданы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланады, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Өңір басшысы елді мекендерге қауіп төнбегенін атап өтті.

«Дегенмен сақтық үшін 277 адам туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Тонау фактілерінің алдын талу үшін эвакуциялау орындарында 20 полиция қызметкері кезекшілік етіп тұр», - деді облыс әкімі.