Halyq Uni логотип
×

Ақтаудағы үш баланың өлімі: прокурорлар әкесіне қатысты тың дерек айтты

Прокурорлар бұл іске балаларға деген қызғаныш себеп болуы мүмкін деп есептейді

 Халық үні 25.05.2023 | 08:28
Ақтаудағы үш баланың өлімі: прокурорлар әкесіне қатысты тың дерек айтты
ашық дереккөзден

Ақтауда үш баласын өлтірген әкенің оқиғасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды. 

Astana телеарнасы хабарлағандай, прокурорлар бұл іске балаларға деген қызғаныш себеп болуы мүмкін деп есептейді.

Қазір іс сотқа жіберілді. Тергеу екі айға созылған. Қадағалау органы 36 жастағы ақтаулық азамат 20 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін нақтылады.

«Зерттеу нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы айыпталушы Есеновке қатысты 99-бап 3-бөлім (жас балаларды өлтіру) бойынша айыптау актісін жасады және соңғысы сотқа жіберілді. Кінәлі адамның іс-әрекетіне түпкілікті бағалауды сот береді», – деді Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Айта кетейік, 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың денесі Ақтау қаласы 27-шағынаудандағы үйдің пәтерінен табылған еді. Кісі өлтірді деген күдікпен полицейлер 36 жастағы әкесін ұстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама