Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Парламенттік комиссия халық қалаулысының мәселен қарады
Депутаттардың этика мәселесіне жауап беретін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов 7 адамнан тұратын парламенттік комиссия бұл мәселені қарағанын мәлімдеді.
Бұл кісіде проблема жоқ. Бұл мәселемен мен айналыстым, комиссия қарап, ешқандай проблемасы жоқ деген қорытыныдыға келді. Менің түсінігімде ол өте тәжірибелі және құрметті адам. Бұндай депутаттар мемлекетке керек, — деді ол.
Ұлдары жемқорлық ісі бойынша сотты болған депутатқа мемлекет бюджетін қаншалықты сеніп тапсыруға болады деген сауалға былай жауап берді.
Оған толық сенуге болады, – деді Ізмұхамбетов.