×

«Сауат Мыңбаев мүгедектер арбасында отыр»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

28 жастағы Жансұлу Мыңбаева үндістандық ірі кәсіпкердің ұлына тұрмысқа шыққан.

 Халық үні 24.05.2023 | 21:42
Фото: «Чиновник» тelegram-каналы

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі, «ҚазМұнайГаз»  және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаевтың жалғыз қызы тұрмысқа шықты. Той Түркияда өткен.  

Ösek–tösek Telegram-каналының хабарлауынша, той Измирдегі Теос аралында болған.

28 жастағы Жансұлу Мыңбаева үндістандық ірі кәсіпкердің ұлына тұрмысқа шыққан.

«Рәсім үндістандық стильде өткен, кешке еліміздегі шенеуніктердің ұлдары мен олигархтардың қатысуымен той болған. Тойға Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми, Бауыржан Байбек, Берік Имашев және Forbes тізіміндегі басты кәсіпкерлер келген», -деп жазады канал авторлары. 

Telegram-арналардың хабарлауынша, Сауат Мыңбаев Түркияның Измир қаласында өткен қызының тойына барған. Суретте ол мүгедектерге арналған арбада отыр.

Еске салайық, 2021 жылы «Қазақстан темір жолының» сол кездегі төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде омыртқасын жарақаттап алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ»,-  делінген хабарламада.

Көпшілік оның бел омыртқасын спортпен шұғылдану кезінде сындырып алғанына күмәнмен қараған.

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын 2018 жылы басқарды. Оған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарған. Сондай-ақ,  Президент әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі, энергетика министрі, индустрия және сауда министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама