×

396 млн теңге: Антикор «Қазселденқорғау» ісін тергеуді аяқтады

Күдіктілер қамауда отыр

 Дәурен Ерболат 24.05.2023 | 16:20
Фото: azattyq.org

ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және «қамқорлығы» үшін кәсіпкерлерден жалпы 396 млн теңге ірі және аса ірі мөлшерде пара алған деп айыпталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Қылмыстық-процестік кодекстің 300-бабы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберу мәселесін анықтау үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама