Бүгін ол бірінші тақтада ақ фигуралармен Бела Хотенашвилимен кездеседі
Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Никосия қаласында (Кипр) өтіп жатқан әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Жетінші айналымда 19 жастағы қазақстандық қыз қара фигуралар арқылы әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі, 12-әлем чемпионы, ресейлік Александра Костенюкті ұтты.
Осылайша, бұл жеңіс Бибісара үшін турнирдегі екі жеңіліс пен төрт тең ойыннан кейінгі алғашқы жеңісі болды. Қазір ол үш ұпай жинап, 12 қатысушы арасында 8-сатыда тұр.
Турнирде 5 ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер көш бастап келеді.
Бүгін 8-турдың матчтары өтеді. Онда Бибісара Асаубаева бірінші тақтада ақ фигуралармен Грузия өкілі Бела Хотенашвилимен кездеседі.
Ал Гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.