Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда тапа-тал түсте банк терминалы ұрланды

Бірақ онда ақша болмай шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2023 | 12:03
Қарағандыда тапа-тал түсте банк терминалы ұрланды
фото: ашық дереккөз

Қарағандыда полицейлер тапа-тал түсте банк терминалын ұрлаған азаматты ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы банк бөлімшелерінің бірінің басшылығы белгісіз біреулердің банк терминалын ұрлап әкеткені туралы арыз жазған.

Келтірілген шығын 69 мың теңген болған. Оған ұрланған терминалдың құны кірген. Бірақ ол терминалда ақша болмаған. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азаматты ұстады.

Ол терминалдың ішіндегі ақшаны ұрлағысы келгенін мойындаған. Алайда онда ақша болмай шыққан. Сосын ол терминалдың өзін темір қабылдаушыларға өткізгісі келген.

Айғақ зат тәркіленді. Осыған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама