Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жағдай бақылауға алынды

Дастан Жұмабекұлы

Мәселені шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

фото: ашық дереккөз

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Үкіметтің тапсырмасымен өткізу пунктеріндегі өткізу қабілетін арттыру және қазақ-өзбек шекарасында жүктер мен көлік құралдарының тасымалдау процестерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Қазақ-өзбек шекарасына Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҰҚК Шекара қызметінің ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

23 мамырда жұмыс тобы көршілес мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарымен жедел жиын өткізді.

Жиында проблемалы пунктер түзілді. Сондай-ақ шекарадағы кептелістер бойынша проблеманы шешу үшін тиісті шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, көліктердің жүрісі қайта реттеледі (олардың айтарлықтай көлемі реконструкцияланған «Б. Қонысбаев» өткізу пункті арқылы жүреді), өткізу пунктері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, шекара арқылы автокөліктердің өтуі бойынша бақылау операцияларын жылдам жасау үшін кеден бекеттерінің штаты қайта жасақталды, –  делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.

Қос бағытта жүктер мен көлік құралдарын қабылдауды арттыру және шекарада бақылау операцияларын жылдам жүргізу бойынша көрші тараптың мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізілді (кеден, шекара және басқа да қызметтер).

Жұмыс тобы жақын күндері барлық өткізу пунктерінің жұмыс барысын екі тараптан да бақылайтын болады. Үкімет тапсырмасын орындау шеңберінде, Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктерінің өткізу қабілетін және тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Еске сала кетсек, маусымдық кезеңге байланысты, мамыр айынан бастап Қазақстанға Өзбекстаннан жеміс-жидек өнімдерін әкелу қалыптасқан дәстүр бойынша көбейген (оның ішінде Ресей Федерациясына тразитпен жөнелтіледі).

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 кеден бекетімен тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк көлік құралы өткізіледі («Б. Қонысбаев» - 500, «Қазығұрт»-200, «Атамекен»-200, «Қапланбек» (ҚР) және Өзбекстанның жапсарлас кеден бекет іқұрылыс кезеңіне толығымен жабылған).