Halyq Uni логотип
×

Ресей Белгород облысындағы екі селосынан айырылды

Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың да әйелі қашып барады

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2023 | 08:44
Ресей Белгород облысындағы екі селосынан айырылды
фото: ашық дереккөз

Украинадағы соғыста РФ-ға қарсы соғысып жатқан «Азат Ресей» легионының сарбаздары Белгород облысының екі селосын бақылауға алды. Олар Горький және Щетиновка елді мекендеріне басып кірді.

Бұл шабуылға «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлері де қатысты. Ұйымның қарулы жасағы шекараның екі жерінен жарып өтіп, Ресей армиясының таңдаулы топтарын ығыстырып шығарды.

Apostrophe.ua-ның хабарлауынша, қазір Горький және Щетиновка «Азат Ресей» легионы мен «Ресей ерікті корпусы» ұйымының жауынгерлеріне бағынады. Ал РФ билігі әзірше селоларды қайтару үшін қандай да бір әрекет ете алмай жатыр. Бұл жағдай жергілікті халықты қатты алаңдатып отыр. Кремльдің өзі бұған қатысты түсініктеме беруден де бас тартты.

Мәліметке сүйенсек, Белгород облысының тұрғындары Ресейдің ішкі облыстарына қашуды одан әрі жалғастыруда. Жолда ұзын кептеліс пайда болған. Тұрғындар ұшаққа мініп те қашып жатыр. Соның ішінде облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың да әйелі болған деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама