Күдікті балаларын зорлықпен өлтірген
Ақтау қаласында өзінің үш баласын өлтірген ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жіберілді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Істі прокуратура қарағаннан кейін үкім шығару үшін сотқа жіберіледі.
Еске сала кетсек, куәгерлердің айтуынша, 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағын аудандағы №46 үйде ер адам үш баласын пышақтап өлтірген.
Оқиға орнына барған полицейлер жантүршігерлік қылмыстың жасалғанына куә болған. Күдікті балаларын зорлықпен өлтірген. Пәтерден 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіті табылған.