Halyq Uni логотип
×

Талдықорғанда екі жыл бұрын пайдалануға берілген жаңа үйді жауын суы алып кетті

Үйдің 2 жылдық кепілдік мерзімі бар

 Халық үні 24.05.2023 | 07:40
Талдықорғанда екі жыл бұрын пайдалануға берілген жаңа үйді жауын суы алып кетті
фото: inform.kz

Талдықорғанда жауын суы басқан көпқатты үйдің мәселесіне қатысты Антикор пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Талдықорғанда көпқабатты үйдің ішіне кіріп, жертөлесіне қарай құйылған жаңбыр суының видеосы тарады.

«Талдықорған қаласы әкімдігінің жауабына сәйкес, Талдықорған қаласы Бірлік шағынауданы №17 үй 2021 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген. Мердігер - «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания өз қаражаты есебінен құрылыс жүргізген, мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеген. Аталған үйдің 2 жылдық кепілдік мерзімі бар.

Аула абаттандыру жұмыстарын «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражатымен жүргізген. Тұрғын үйдің күтіміне «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің жауабында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда «ЖетысуЖилСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама