Сот сараптамасы тағайындалды
Алматы тауында жоғалып кеткен Австралия азаматының денесі табылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауының Аюсай шатқалында шетелдік туристің денесін тапқан.
Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі құтқарушыларымен бірлесіп, Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан жоғалып кеткен Австралия азаматының денесін тапты, - деп жазылған хабарламада.
Ақпаратты Telegram-дағы police_of_kz арнасы нақтылады.
Жедел-іздестіру іс-шара барысында Аюсай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылғы Herd Jake Michael-дің денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деді Алмалы аудандық ПБ басшысы Есен Ысқақов.