×

Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдіктің мәйіті табылды

Сот сараптамасы тағайындалды

 Дәурен Ерболат 23.05.2023 | 17:45
Фото: Марат Қалдыбаев

Алматы тауында жоғалып кеткен Австралия азаматының денесі табылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатауының Аюсай шатқалында шетелдік туристің денесін тапқан.

Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі құтқарушыларымен бірлесіп, Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан жоғалып кеткен Австралия азаматының денесін тапты, - деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты Telegram-дағы police_of_kz арнасы нақтылады.

Жедел-іздестіру іс-шара барысында Аюсай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылғы Herd Jake Michael-дің денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деді Алмалы аудандық ПБ басшысы Есен Ысқақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама