Ведомство жыл сайын сержантты еске алып, оның анасына қажетті барлық көмекті көрсетеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша өрт сөндіру кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтің анасы Бақытгүл Құрманбековаға III дәрежелі «Айбын» ордені табыс етілді. Орденді Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.
Ол сержанттың анасына ТЖМ басшылығы мен бүкіл жеке құрамның Арслан Құрманбековтей батыл да ержүрек азаматпен бірге қызмет еткенін әрқашан мақтан тұтатынын, оның ерлігін ешқашан ұмытпайтынын, керісінше, жыл сайын батырдың ерлігін еске алатынын айтты. Сондай-ақ ол ведомствоның Бақытгүл Құрманбековаға барлық қажетті көмекті көрсететінін атап өтті.
Еске сала кетсек, президенттің жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы ТЖД №7 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбекова қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталған болатын.