×

Қазақстанның төрт фильмі Ұлыбритания кинофестивалінің финалына шықты

Шетелдің көрерменіне еліміздің тыныс-тіршілігін көрсететін туындылар ұсынылды

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2023 | 15:10
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның төрт фильмі V Eurasian Film Festival (ECG FF) кинофестивалінің финалына шықты. Бұл фестиваль 24-30 мамыр аралығында өтеді.

Биыл оған Ұлыбритания, Қазақстан, АҚШ, Аргентина, Армения, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Израиль, Грузия, Франция, Ресей, Иран, Польша, Швеция, Молдова елдерінен өтінімдер келіп түскен.

Кинофестивальде еліміздің атынан «Үздік қысқаметражды фильм» аталымында режиссер Рамазан Халиолланың Barn фильмі, «Үздік деректі фильм» аталымында режиссер Ақбөбек Төлжанованың «Ұйқыдағы арудың оянуы» фильмі мен режиссер Aлмас Мақсұттың Segiz фильмі, «Үздік Еуразиялық кино» (Гран-при) аталымында Марина Қонарованың The Crying Steppe фильмі ұсынылады.

ECG Film Festival-дегі фильмдер арқылы шетелдік көрермен Қазақстанның тыныс-тіршілігмен таныса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама