Алматы тауларында шетел азаматы жоғалып кетті
Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы тауларында Австралия азаматы жоғалып кетті. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шетел азаматын іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды.
Айта кетейік, Австралия азаматын соңғы рет 21 мамырда Үлкен Алматы көлі аймағында көрген. Ер адам космостанцияға қарай бет алған.
Сол аумаққа тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағы тартылды. Бейнебарлау дрон арқылы жүргізіліп жатыр.