×

Қазақстандық мамандар Ташкентке асфальт төседі

Ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын тәжірибе учаскесі салынды

 Динара Амантай 23.05.2023 | 13:40
Фото: altaynews.kz

Қазақстандық мамандар Ташкентте полимер асфальтобетоннан салынған тәжірибеге арналған жол учаскесін төседі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері DamitiLegaGroup ЖШС-мен бірлесе отырып, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында автомобиль жолы тәжірибелік учаскесінің құрылысы бойынша бірлескен жобаға қатысқан.

Осылайша, Ташкентте Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Германиядан жиналған мамандардың қатысуымен ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын тәжірибе учаскесі салынды. Аталған учаскідегі құрылыс барысында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына резеңке үгіндісі мен бірегей композициялық материалдар негізіндегі асфальтобетонның кешенді модификаторы қолданылды.

Осы ретте қазақстандық мамандардың алдында РКМ-2 модификациялаушы құрамымен дәстүрлі қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонның оңтайлы қоспасын таңдау міндеті тұрғанын атап өткен орынды.

Жалпы полимерасфальтобетон жабындарын дайындау кезінде модификаторды қолданудың тиімділігін анықтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама