Halyq Uni логотип
×

Абай облысында 1 мыңнан аса гектар жер өртеніп жатыр

ТЖМ және ТЖД-ның дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды

 Динара Амантай 23.05.2023 | 13:15
Абай облысында 1 мыңнан аса гектар жер өртеніп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында орман өрті болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақыру орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары жіберілген. Орман шаруашылығының мәліметтері бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 гектарды құрайды. Дегенмен, елді мекендерге қауіп жоқ.

Орман өртін сөндіруге барлығы 259 адам, 88 техника (1 өрт пойызы) және 56 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, «Семей орманы» МОТР-дан 147 адам, ТЖМ 27 техника және 98 жеке құрам, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, 10 адам, 4 техника, ЖАО-дан 4 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы да жұмылдырылып, Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді.

Халықты хабардар ету және Ивановка ауылы мен Березовка санаторийіне іргелес аумақты қарауылдау үшін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жеке құрамның 20 адамы және 4 техника жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінде және Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс жасайды.

Ресей Федерациясы ТЖМ ММ тарапынан Алтай өлкесі бойынша 26 л/с және 6 АЦ, 1 трактор (алдын ала ауданы 12 га) тартылды.

Бүгін сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Алтай өлкесінің аумағындағы өрт жойылды. Өртті сөндіру жұмыстарының қиындауы қатты екпінді желдің салдарынан өрттің төменнен жоғарыға өтіп, оның тез таралуына әкелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама