Ал 9-сыныпты бітірушілер саны 28 мыңнан асады
Биыл 1 маусымда Алматы мектептерінде соңғы қоңырау өтеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Салтанатты іс-шара 4, 9 және 11-сынып оқушыларының білім ордасын бітіруіне орайластырады.
Алматыда 313 мектеп, 12 мектеп-интернат, 85 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі бар. Онда барлығы 400 мыңнан аса оқушы мен студент білім алады.
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу жылы 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
Барлық мектеп бекітілген кестеге сәйкес соңғы сабақты өткізеді. Олар оқу күнін сынып сағатымен аяқтайды. Оның мақсаты – оқу жылын қорытындылау, жазғы демалысқа балаларды әзірлеу, – деді Жанат Айтпаева өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айутынша, биыл 1 маусымда қаладағы мектептерде соңғы қоңырау өтеді.
Біз Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық дәстүрді қолдап, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз, - деді орынбасар.
Айта кетейік, биыл Алматыда 9-сыныпты 28 мыңнан аса оқушы, 11-сыныпты 14 мыңнан аса оқушы бітіреді.