Басшылық тұрғындардан кешірім сұрады
Павлодар қаласындағы бірқатар шағын ауданда су қысымы төмендеді, деп хабарлады «Павлодар – Су арнасы» компаниясы.
23 мамырда Назарбаев даңғылында Ломовтан Естайға дейінгі диаметрі 800 мм болатын су құбыры ажыратылады.
Осыған байланысты таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін Химгородка, Лесозавод, Радио зауытында, Солтүстік өнеркәсіп аймағы, Торайғыров көшесі, Назарбаев даңғылынан Олжабай батыр көшесіне дейін, Нұрмағамбетов көшесі, Камзин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін су қысымы төмендейді, – деп жазылған хабарламада.
Компания уақытша қолайсыздық үшін павлодарлықтардан кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада күніне 30 млн литр су жетіспей жатқаны хабарланған еді.