×

Павлодарда да үйлерге су аз беріле бастады

Басшылық тұрғындардан кешірім сұрады

 Дәурен Ерболат 23.05.2023 | 10:35
Фото: inform.kz

Павлодар қаласындағы бірқатар шағын ауданда су қысымы төмендеді, деп хабарлады «Павлодар – Су арнасы» компаниясы.

23 мамырда Назарбаев даңғылында Ломовтан Естайға дейінгі диаметрі 800 мм болатын су құбыры ажыратылады.

Осыған байланысты таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін Химгородка, Лесозавод, Радио зауытында, Солтүстік өнеркәсіп аймағы, Торайғыров көшесі, Назарбаев даңғылынан Олжабай батыр көшесіне дейін, Нұрмағамбетов көшесі, Камзин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін су қысымы төмендейді, – деп жазылған хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздық үшін павлодарлықтардан кешірім сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада күніне 30 млн литр су жетіспей жатқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама