Полицейлер 19 ұйымдасқан топты ұстады
Қылмыс жасағаны үшін 136 адам ұсталды
Мал ұрлығымен күрес күшейсе де, зардап шеккендер саны азаймай тұр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жақында ІІМ үш мыңнан астам полицей мен 200-ден астам ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бақылау басқармасының мамандарын тарта отырып, «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Төрт күнде мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 11 695 автокөлік, 4 226 мал және ет өнімдерін сатып алу, өткізу орындары, сондай-ақ 8 708 шаруа қожалықтары мен жайылым тексерілді.
22 мал ұрлығы және бұрын жасалған 115 қылмыс ашылды. Осы қылмысты жасағаны үшін 136 адам ұсталды. Оның ішінде 19 ұйымдасқан топ бар. 589 малды тауып, заңды иелеріне қайтарды.
Мәселен, Алматы облысы ПД қызметкерлері төрт ұрының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Олар жайылымнан бірнеше рет мал ұрлығын жасады. Былтыр қыркүйектен бастап олар 30-дан астам жылқы ұрлаған. Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында екі рет мал ұрлығын жасаған күдікті ұсталды. Ұрланған 22 жылқыны ұстау және тәркілеу Алматы облысы Ұзынағаш ауданының аумағында жүргізілді, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев.
Ветеринария саласында 864 құқық бұзушылық анықталды.