×

Із-түзсіз жоғалған 2 әйел өлі табылды

Шымкент пен Алматыда іздеу жарияланған 2 әйел өлі табылды

 Халық үні 23.05.2023 | 07:50
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Шымкент пен Алматыда іздеу жарияланған 2 әйел өлі табылды. Олардың өлімінің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады LIDER.KZ Instagram-дағы парақшасында

1961 жылғы Щелконогова Татьяна Алексеевна Шымкентте жоғалып кеткен. 19 мамырда ол үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Әйелдің күйзелісте болғаны айтылады.

1952 жылғы Айдамирова Айша Әшімқұлқызына қызы іздеу салған. Әйел Алматының екінші шағын ауданында тұрған. 2009 жылдан бері байланыс үзілген. 22 мамырда оның көз жұмғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама