×

Үкімет басшысы мен оның үш орынбасары жаңа лауазымдарға ұсынылды

Олар директорлар кеңесінің басшысы және мүшелері лауазымдарына ұсынылып отыр

 Халық үні 22.05.2023 | 23:48
ашық дереккөзден

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен оның үш орынбасарының жаңа лауазымдарға ұсынылғаны жөнінде Үкімет қаулысы шықты.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» LTD компаниясының директорлар кеңесі құрамын сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын: Қазақстан Республикасы Премьер-министрін Директорлар кеңесінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасарын Директорлар кеңесінің мүшесі; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін Директорлар кеңесінің мүшесі; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрін Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайлау ұсынылсын» – деп жазылған Үкімет қаулысында.

Осы жағынан алғанда, «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd директорлар кеңесінің басшысы және мүшелері лауазымдарына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, ҚР бірінші вице-премьері Роман Скляр, ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу және ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұсынылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама