БҚО-да қайғылы жағдай болды: 3 адам көз жұмды

Халық үні

Жүргізуші қауіпсіздік ережесін сақтамай жолдың қарсы бөлігіне шыққан

ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 мамыр күні сағат шамамен 23.05-те Орал қаласы маңында болды.

«46 жастағы жүргізуші Changan көлігімен Подстепный - Меловые горки жолының 5-шақырымында қарсы бетке шығып кеткен. Содан 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volvo жүк көлігінің жартылай тіркемесімен түйіскен. Соның салдарынан 45 жастағы жүргізушіге қоса 1977 және 2011 жылғы жолаушылар алған жарақатынан есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.