Қазақстандық банктерге Ресей рублін елден қолма-қол әкетуге рұқсат етілмек
Тиісті Қаулы жобасы ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауға қойылған
Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне елден қолма-қол Ресей рублін шығаруға рұқсат берілмек, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін, - делінген Қаулы жобасында.
Осы құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды.
Қазақстанның Ұлттық банкінің түсініктемесіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін рұқсат етіледі.
Жоба ашық НҚА сайтында 5 маусымға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.