WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары (252 млн теңге) сыйақы алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы жарияланды. Ол Италияның Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алғаны үшін 564 407 АҚШ доллары немесе ұлттық валютамен есептегенде, 252 млн теңге сыйақы алды.
Ал оның жыл басынан бергі табысы 3 752 354 доллар (1,6 млрд теңге) болды.
WTA сайтының хабарлауынша, Рыбакина халықаралық турнирлерге қатыса бастаған кезден бері 10 млн 113 мың 312 доллар ( 4,5 млрд теңге) таза табыс тапқан.
Еске сала кетсек, бүгін Елена Рыбакина Рим қаласында өткен WTA 1000 турнирін жеңіп алған соң, Әйелдердің теннис қауымдастығының жариялаған тізімінде ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды.