Аптасына 45 млн адам жұқтырады: Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін
ДДҰ COVID-19 вирусының бұдан былай әлемдік төтенше қауіп емес деп мәлімдеген
Қытайда кезекті реті коронавирус өршуі мүмкін деп болжайды DataHub телеграм арнасы Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, мамыр айының соңында жаңадан жұқтырғандар саны аптасына 45 млн-ға, ал бір айдан кейін тіпті 65 млн-ға жетуі мүмкін.
Вирустың қайта өршуінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, Қытайдың пандемияға қарсы COVID Zero саясатының тоқтауы, алдыңғы толқындардан кейінгі ұжымдық иммунитеттің әлсіреуі және Омикрон штамының тарауы індщетті қайта өршітуі ғажап емес, – деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының бұдан былай әлемдік төтенше қауіп емес екенін мәлімдеген еді. Сол кезде Қазақстандағы сырқаттану статистикасының да жариялануы тоқтады.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің арнасында бұл туралы айтылмай кетті.
Ал coronavirus2020.kz сайты қазан айынан бері жаңармаған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда ковидке шалдығу көрсеткіші 1 411 831 болған.