Биыл осындай 70-тен аса нысан салынбақ
Республикалық маңызы бар М-32 «Самара – Шымкент» күре жолы «Шымкент – Қызылорда» ақылы учаскесінің 60-шақырымында жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысаны ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан жеке инвестициялар есебінен салынған.
Модульдік типтегі павильон ерлерге, әйелдерге және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардан, душ кабинасынан және сауда алаңынан тұрады.
Биыл 70-тен аса жаңа жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын ашу көзделіп отыр.