Halyq Uni логотип
×

Volkswagen компаниясы Ресейдегі активтерін сатты

Германия кәсіпорынының үлесі 125 млн еуроға сатылған

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2023 | 10:08
Volkswagen компаниясы Ресейдегі активтерін сатты
фото: ашық дереккөз

Германияның Volkswagen (VW) компаниясы Ресейдегі барлық активтерін, соның ішінде Калуга автозауытын Avilon Art-Finance дилеріне сатты.

Deutsche Welle-нің хабарлауынша, келісім бойынша ресейліктерге Volkswagen Group Rus және оның еншілес компанияларының (Volkswagen Komponenty i Uslugi, Scania Leasing, Scania Finans, Scania Strakhovanie), импорттаушы (сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету бизнесі) бөлшектер қоймасындағы және қаржылық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы үлесі сатылған.

Volkswagen компаниясы келісімді Ресей Үкіметінің мақұлдағанын хабарлады. Шешім 17 сәуірде қабылданған. Келісім бойынша Германия компаниясының активтері 125 млн еуроға (шамамен 11,3 миллиард рубль) сатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама