ІІМ конструктор көліктерді заңдастыруды қашан бастайтынын хабарлады

Дәурен Ерболат

Жүргізуші өтінімді онлай бере алады

Фото: kolesa.kz

Биыл 22 мамырда Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыру басталады, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Автомобильді тіркеу алгоритмі төмендегідей:

  • 1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электронды тіркеу (барлық автоконструктор иесіне автоматты түрде бас тарту және мамандандырылған ХҚКО-дағы Процессинг орталығының қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі).
  • 2-қадам: ІІО қызметкері көлік құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік «автоконструктор» критерийлеріне сәйкес келгенде оны электронды мақұлдау парағына енгізеді.
  • 3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексерістен өтеді. Сарапшы-криминалист салыстыру үшін көлігімен бірге тексеру пунктіне жіберіледі.
  • 4-қадам: Салыстырып тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажет құжатты, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 мың теңге көлемінде мемлекеттік бажды төлейді.

Айта кетейік, шетелден жеткізілген көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жүргізіледі.