«ҚазТрансОйл» басқармасының құрамы өзгерді
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 14 сәуірдегі шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасының мүшесі Арман Майкеновтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды. Оның орнына 15 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасының мүшесі болып Ғазиз Қошанов сайланды.
Осылайша, «ҚазТрансОйл» басқармасы мүшелері алты адамнан тұрады: Талғат Құрманбаев, Сәбит Арынов, Эрик Сағиев, Жайық Махин, Жайдарман Исаков, Ғазиз Қошанов.
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді.
Келесі бағыттар бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды:
Ғазиз Қошанов және Марат Ахметжанов, фото: atennis.kz
Ғазиз Қошанов – Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың туған інісі. Әр жылдары PetroRetail PFS ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған. 2012-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары, трансформациялау жөніндегі директордың бірінші орынбасары болды. 2017-2019 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, даму жөніндегі директордың орынбасары, бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеді.