Halyq Uni логотип
×

Мәжіліс төрағасының бауыры «ҚазТрансОйл» басқарма мүшесі болды

«ҚазТрансОйл» басқармасының құрамы өзгерді

 Халық үні 18.04.2022 | 17:01
Мәжіліс төрағасының бауыры «ҚазТрансОйл» басқарма мүшесі болды
Ғазиз Қошанов, фото: bnews.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 14 сәуірдегі шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасының мүшесі Арман Майкеновтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды. Оның орнына 15 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасының мүшесі болып Ғазиз Қошанов сайланды.

Осылайша, «ҚазТрансОйл» басқармасы мүшелері алты адамнан тұрады: Талғат Құрманбаев, Сәбит Арынов, Эрик Сағиев, Жайық Махин, Жайдарман Исаков, Ғазиз Қошанов.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді.

Келесі бағыттар бойынша қазақстандық мұнай өндіру зауыттарына және экспортқа мұнай тасымалдайды:

  • «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі;
  • «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне аустырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры);
  • Ақтау порты (танкерге мұнай құю);
  • «Каспий Құбыры Консорциумы» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу;
  • «Шағыр» МҚП және Т. Қасымов атындағы МАС-та темір жол цистерналарына мұнай  құю.

Ғазиз Қошанов және Марат Ахметжанов, фото: atennis.kz

Ғазиз Қошанов – Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың туған інісі. Әр жылдары PetroRetail PFS ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған. 2012-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары, трансформациялау жөніндегі директордың бірінші орынбасары болды. 2017-2019 жылдары «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, даму жөніндегі директордың орынбасары, бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама