Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды
Қызылордада жастар жаппай төбелеске шықты.
20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындары хабарласып, жас жігіттердің төбелесіп жатқанын айтқан.
Анықталғандай, жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.
«Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тергеу басталды.