Оралда жас жігітті пышақтап кетті
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Оралда жас жігітті пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Департамент мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні сағат 04.22-де «Али» кафесі жанында болды.
«Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Алған жарақаттары салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.