Әйел үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен
Қызылорда қаласында 56 жастағы азаматша бір айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда қаласында тұратын 56 жастағы Зағира Бердібекқызы Бәйімбетова 19 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Содан бері үйіне қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы тұрғынға іздеу салды.
Ерекше белгілері: бойы: 155 - 160 см, толық денелі, аққұба келген, шашы сары түсті.
«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда +7 705 255 8125 телефон нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан