8 жастағы қыз анасына өткен өмірі туралы деректер айтып шошытты

Халық үні

Анасы Эшли қызының айтқандарын телефонға жазып алған

фото: ашық дереккөзден

Сегіз жастағы қыз анасына өткен өмірі туралы айтып шошытты, деп хабарлады Massaget.kz. 

Басылым мәліметінше, америкалық Эшли – екі баланың анасы. Ол TikTok-та қызының «өткен өмірі» туралы видео түсірген. Сегіз жастағы қыздың айтуынша, оның 1942 жылы қалай жол апатына түскені есінде.   

Ол өткен өмірі туралы бес жасынан бері айтып жүр екен. Бұл жолы қыздың анасы ол жөнінде толығырақ сұрауды жөн деп шешкен.  

Қыздың айтуынша, өткен өмірінде әкесінің есімі Сэмюэль болған, ал анасының есімі есінде жоқ, бірақ ...ина деп аяқталған екен. Кристина немесе Валентина болуы мүмкін. Қыздың айтуынша, өткен өміріндегі отбасы 1942 жылы көлікте келе жатқан. Әкесі көлікті айдап келе жатқан, ал анасы жолаушыға арналған орында отырған. Қыз бен інісі артқы орында болған. Көлік солға бұрылған бетте асқан жылдамдықпен келе жатқан көлік соқтығысқан.  

Анасы Эшли қызының айтқандарын телефонға жазып алған. Қызының бес жасында айтқаны мен сегіз жасында айтқаны бірдей болған. Артынша, Эшли қызынан оның бұрынғы өмірдегі анасы неліктен қауіпсіздік белдігін тақпағанын сұрағанда, қызы ол кезде қауіпсіздік белдігі болмағанын айтқан.