×

Өскеменде әкімдік қазақтарға аты-жөнін дұрыс жазуды түсіндіреді

Іс-шара бір айға жоспарланған

 Дәурен Ерболат 19.05.2023 | 14:20
Фото: celes.club

Өскемен қаласының әкімдігі қазақтарға аты-жөнін дұрыс жазуды түсіндіреді, деп хабарлады Altaynews.kz.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қалада «Ата тек – ұлттық негізіміз» атты акция жариялады. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – тұрғындаркға аты-жөнді дұрыс жазу мәселесін түсіндіру.

​Акция аясында бірқатар шара атқарылады. Атап айтқанда, президенттің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын түсіндіру үшін қала жұртшылығына үгіт-насихат, ақпараттандыру жүргізіледі, - деп жазылған хабарламада.

Өскемен қаласындағы білім беру ұйымдарында Жарлықты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Байланыс нөмірі: 8 (7232) 57 79 98.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама