Олар жәбірленушінің атына несие рәсімдеген
Көкшетау қаласында танысынан ақша бопсалаған азаматтар ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынща, 17 мамырда Көкшетау қаласының тұрғыны полиция басқармасына өзін бірнеше адамның бопсалағаны туралы арыз жазған. Жәбірленуші бұрыннан таныс адамдардың телефонын тартып алып, оның атына несие рәсімдеп, ақша бопсалағанын айтты.
Жедел-іздестіру кезінде полицейлер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция басқармасы ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.