Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда танысынан ақша бопсалаған азаматтар ұсталды

Олар жәбірленушінің атына несие рәсімдеген

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2023 | 10:36
Көкшетауда танысынан ақша бопсалаған азаматтар ұсталды
фото: ашық дереккөз

Көкшетау қаласында танысынан ақша бопсалаған азаматтар ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынща, 17 мамырда Көкшетау қаласының тұрғыны полиция басқармасына өзін бірнеше адамның бопсалағаны туралы арыз жазған. Жәбірленуші бұрыннан таныс адамдардың телефонын тартып алып, оның атына несие рәсімдеп, ақша бопсалағанын айтты.

Жедел-іздестіру кезінде полицейлер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция басқармасы ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама